Мәскеуде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап барды. Екі түрлі форматта өткен басқосуда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара әріптестік мәселелері талқыланды. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы мәселе де назардан тыс қалған жоқ. Отырыста бірқатар құжатқа қол қойылды. ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы келесі жылы 11 сәуірде Қазақстанда өтеді.
Индира Бегайдар