Атырау облысы Құрманғазы ауданында да бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Өрттің аумағы үлкейіп барады. Сондықтан тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ көтерілді. Ахуалды баяндау үшін Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт тілші:
Желдің бағыты теңізге қарай болғандықтан, елдімекендерге қауіп жоқ. 5 гектар аумақ күлге айналған. Өрт ошағы Каспий теңізіне жақын әрі айналасы қамыс, сулы-батпақты болуына байланысты көлік құралдары жете алмай отыр. Сондықтан «Казавиаспас» компаниясының МИ-8 тікұшағына мінген 23 құтқарушы қамыс өртін сөндіріп жатыр. Ал төтенше жағдай департаментіндегілер әлеуметтік желідегі қамыс өртінен Ресей Федерациясының кей аймақтарын қою қара түтін басты деген ақпарды растамады. Әзірге тілсіз жаудан зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт