Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсап жатқан қазақстандықтардың саны артуда. 2021 жылдан бері 760 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды. Оларға аударылған жалпы қаражат 3,5 тлрн теңгеден асты. Топ басында Алматы қаласы тұр. Мегаполисте 135 мыңнан аса адамының өтініші қабылданған. Олардың тиісті операторларына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 845 млрд теңгеден асады.
Екінші орында астаналықтар. Үшінші орында Маңғыстау облысы. Төртінші Қарағанды. Бесінші Атырау облысы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға осы өңірлерден өтініш басым түсіп, қанағаттандырылған.
Самал Қабышева