Өзбекстанда жемқорлық жасап жаза арқалағандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жемқорлық жасап жаза арқалағандар көбейді

08.10.2024

Өзбекстанда сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар саны өткен жылғымен салыстырғанда 5 жарым процентке артқан. Биылғы жылдың бірінші жартысында жең ұшынан жалғасып, қылмыс жасаған 3837 адам темір торға тоғытылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр. Жемқорлық қылмыстары, әсіресе, білім беру мен мектепке дейінгі мекемелерде өршіп тұр. Яғни, парақорлыққа қатысты 285 жағдай тіркелген. Жергілікті әкімдіктерде – 133 заң бұзушылық орын алған.

Ал кей салаларда сыбайлас жемқорлық қылмыстары ептеп азайғаны байқалады. Мәселен, коммерциялық банктерде – 146 қылмыс тіркелді. Өткен жылы мұндай заң бұзушылықтар саны 186 болған. Денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдарында да жең ұшынан жалғасу фактілері біршама кеміген.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу