Алматыда гүлдер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда гүлдер фестивалі өтті

24.04.2017

«Көктем көркі – қызғалдақ» Алматыда осындай атаумен гүл фестивалі өтті. Оған алып шаһарды гүлмен көмкеруге ниетті  кәсіпқой мамандар мен әуесқойлар да қатысты.

Нағыз сұлулықты шетелдік меймандар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген қонақтар да келіп тамашалады. Шарапатты шараға қатысушылардың айтуынша, қазақ топырағындағы қызғалдақтың хош иісі ерекше, түр-түсі де бөлек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ            

Хабарламаларға жазылу