АЭС туралы референдумның соңғы нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС туралы референдумның соңғы нәтижесі жарияланды

08.10.2024

5 жарым млн-нан астам азамат АЭС салуды қолдады. Бүгін Орталық референдум комиссиясында референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, қоғамдық науқанда дауыс беруге құқылы 7 млн 820 мың 204 азамат таңдау жасаған.

Соның 71,12% атом электр станциясының құрылысын салуға келісім берген. Ал 2 млн-нан астамы қарсылық білдірген. Айта кету керек, науқан қорытындысы бойынша, 130 мың 267 дана бюллетень жарамсыз деп танылған. Сондай-ақ «келісімін және келіспеймін» деген жауаптарды бірдей белгілеген 82 мың 729 бюллетень де есепке алынбаған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы:

Осылайша Республикалық референдум туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес Қазақстан АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады. Осылайша қазақстандықтар 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумда Қазақстанда АЭС салуға қатысты мемлекет өміріндегі маңызды мәселе бойынша өз таңдауын жасады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу