Дала өрті толық бақылауда - Шыңғыс Әрінов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дала өрті толық бақылауда - Шыңғыс Әрінов

08.10.2024

Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағында болып жатқан дала өрті толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әренов осылай деді. Өрттің аумағы 1300 гектар алқапқа жеткен. Оның басым бөлігі далалы аймақ.

От шарпыған орманның көлемі бар жоғы 13 гектар. Нақтырақ айтсақ, ағаштың төмен жағындағы жапырақтары өртенді, ал ағаштарды өрт шарпымаған. Қазіргі уақытта Абай, Ақмола облысы мен Астана қаласынан қосымша күш тартылды. Жуық арада өрт толық сөндіріледі, - деді төтенше жағдайлар министрі.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Қазіргі уақытта Павлодар облысында дала өрті толықтай локализацияланып, қазіргі таңда біздің күштер оны бақылап жатыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу