Елімізде жылыту маусымына дайын емес өңірлер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылыту маусымына дайын емес өңірлер бар

08.10.2024

Жылыту маусымына әлі де дайын емес өңірлер бар. Еліміз бойынша жылу электр орталықтарындағы 4 энергия блогында, 23 қазандық пен 16 турбинадағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Негізгі мәселе Шығыс Қазақстандағы Риддер мен Түркістан облысындағы Кентау қазандықтарында. Дегенмен жағдай тұрақты бақылауда, жоспарлы түрде іске қосылады деді ол. Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрлер мен облыс әкімдеріне барлық өңірдегі жағдайды және халықты қолжетімді бағадағы көмірмен қамтылуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. 

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу