Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы басталды

08.10.2024

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы басталды. Оған әлемнің 20-дан аса елінен келген дін лидерлері қатысып жатыр.

Хатшылық отырысы аясында «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған Тұжырымдамасын» іске асыру туралы пікір алмасу және күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылау жоспарланған. Алқалы жиынға төрағалық еткен ел Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев дәстүрлі съездің мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға алғыс білдірді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы уақыт ішінде съез жаһандық маңызға ие, дінаралық диалог алаңына айналды деп сенімді түрде айта аламыз. Съез және оның хатшылығы қызметіне көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу