Елімізде салынатын атом электр станциясының құрылысы қазір басталмайды. Оған кем дегенде бір жарым жыл уақыт керек. Өйткені Үкімет нысанды сала бастау үшін алдымен бірқатар құжат дайындау тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Ол АЭС-тің құрылысы орташа алғанда 10 жылға дейін созылуы ықтимал екенін жеткізді. Консорциум құрамында 5 мемлекет болады. Оның құрылуы мен құрамына қатысты шешім келесі жылы қабылданатынын айтты.
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Консорциум мүшелерінің тізімі, құжат қашан жасалатынын, мердігер, жобалаушыға қатысты сұрақтарға 2025 жылы жауап ала аламыз. Әлем мойындаған компаниялар техникалық-экономикалық негіздемені 1 жыл, ал жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,5 жыл керек. Бұл – өте қысқа уақыт. Содан кейін атом электр станциясының құрылысы басталады.
Асылбек Данияр