«Атом электр станцияларының құрылысында жаңа технологияларды қолдану». Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушылар қауымы мен студенттер осы тақырыпта сарапшының пікірін тыңдады. Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы институты қызметкері Нұржан Мұхамедовтың айтуынша, елімізде АЭС салу кезінде 4-санаттағы технологияны пайдалану көзделіп отыр. Бұл бүгінде әлемдегі ядролық реакторлар жұмыс істейтін ең қауіпсіз технология саналады. Оны Франция, Оңтүстік Корея және Жапония елдері пайдаланып келеді. Дәріс оқушы маман келешекте салынатын АЭС қандай алгоритммен жұмыс істейтінін түсіндіріп берді.
Нұрлан Файз, Оңтүстік Қазақстан университетінің энергетика және дәстүрлі емес энергиялық желілер кафедрасының доценті:
Төртінші санаттағы технологияның негізгі мақсаты атом электр станциясындағы реакторлардың барлығы жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Оның жанында сандық енгізу прототипі болады. Ядрололық технологияда болатын ауытқуларды, техникалық параметрлердің өзгерісі, энергия ағыны бойынша барлық мәліметтер цифрлық технологияға негізделеді.
Ғани Қалмаханов