Бүгін eGov.kz порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Енді кез-келген адам көлікке қатысты мәліметті біле алады. Бұл қызметті алу үшін бірінші «егов» порталына кіресіз. Басты бетте «сервистер» деген бөлікті таңдап, «Көлік тарихы» деген қызметке өтесіз. Автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің номерін енгізесіз. Бірден мәлімет шығады. Көліктің шығарылған жылынан бастап, түсі, қозғалтқыш көлемі, Қазақстанда қай жылы тіркелді, көлік кепілде тұр ма? Осы сынды маңызды мәліметтер көрсетіледі. Бұл Ішкі істер және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен жобасы. Мақсат – көлікті сатып алушыға алдын-ала ақпаратпен танысуға мүмкіндік беру және түрлі алаяқтық жолдан сақтау, оған жол бермеу.
Самал Қабышева