Кәсіподақ федерациясына биыл 2600 арыз-шағым түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақ федерациясына биыл 2600 арыз-шағым түскен

08.10.2024

Жұмысшы мамандардың құқығын қорғайтын кәсіподақ федерациясына биыл 2600 арыз-шағым түскен. Оның 86-сы еңбек дауына, қалғаны еңбекақы мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты. Бұл туралы «Еңбек эволюциясы: климат, құзыреттілік, код» атты жұмысшы мамандықтарының халықаралық жастар форумында айтылды. Шарада сөз сөйлеген сарапшылар еңбек саласында жасанды интеллектің рөлі зор екендігін, жас мамандардың қатары көбейіп жатқандығын да атап өтті. Айта кетейік, форум ертең де жалғасады.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Біз Астанада және өзге де өңірлерде құқықтық клиника дегенді құрғанбыз. Бұл жердегі негізгі мақсат – 24 сағат бойы еңбек адамына көмектесу. Оған біздің заңгерлер, адвокат, медиатрларымыз бар. Сотқа дейін жеткізбейміз. Әлеуметтік желіде де түсініктемелер беріп жатырмыз.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу