Қазақстан мен Мажарстан бірлесіп атом өнеркәсібі саласында маман даярлауға дайын. Мажарстанға жұмыс сапарымен барған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді.
Екі елдің стратегиялық серіктесігіне биыл 10 жыл. Парламент депутаттары сапар аясында әуелі Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.
Бұдан соң Мемлекеттік жиналыстың төрағасы Ласло Кёвермен парламентаралық қарым-қатынастың келешегі туралы ой қозғады. Артынша екі ел Парламент басшылары ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге қол қойды. Мұнан соң делегация мүшелері Будапешт қаласындағы Астана көшесінде орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қойды. Мажарстанда оқитын қазақстандық студенттермен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
Айя Мүтәлі