Талдықорғанда қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевке ескерткіш орнатылды.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, даңқты суретші Әбілхан Қастеевтың туғанына биыл – 120 жыл. Қоладан құйылған ескерткіш облыс орталығының көркемсурет галереясының ауласында бой көтерді. Суретші бейнесін айнытпай сомдаған мүсіншілер Ринат Әбенов пен Ербол Зиябековке көпшілік дән риза. Ескерткіштің ашылуына ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері, суретшінің туыстары мен жерлестері, сондай-ақ ізбасарлары келді.
Гүлдәрия Қастеева, қызы:
Кәдімгідей әкеміз тіріліп келгендей. Түрі де, отырысы да айнымайды. Әрбір бала мектепке әкеміз жайлы тақпақ оқып, бәрі біледі. Қастеев кім десе бәрі біледі суретші екенін.
Мерей той аясында Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір мектебі» және «Әбілхан Қастеев» атты қос кітап оқырманның қолына тиді. Ал «Тұғыры биік тау тұлға» атты ғылыми конференцияда қылқалам шеберінің бейнелау өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі жайлы айтылды.
Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстан суретшілер одағының басқарма төрағасы:
Мына өзіме ерекше қабылдайтын еңбегі «Кенесары батыр» деген. 1935 жылы жазған жұмысы. Себебі ол кезде Кеңес Одағының, коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған кезеңде, ол кісінің мұндай шығарма жазуы ерекше ерлік, азаматтық деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы