Референдум - демократияның бір көрінісі. Өзекті мәселелердің келешегін халықпен бірге шешу – тұрғындардың азаматтық жауапкершілігінің артуына сеп болады. Сондықтан, бұл институт дамыған мемлекеттерде жүйелі түрде қолданылады. Бұл сарапшылардың пайымы.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
Барлық дамыған, өркениетті мемлекеттерде бұл референдум процесі жүйелі түрде жүріп отырады. Сондықтан да, мына біздің мемлекетімізде де 2022 жылы референдум өтсе, биыл еліміздің энергетикалық, экономикалық дамуына қатысты өтіп отыр. Яғни, осындай күрделі, халықты толғандырған мәселелерді референдумға шығарып, хылықтың пікірін алып отыру – демократияның бір көрінісі деп айтуға болады.
Темірлан Төлеу, әлеуметтанушы:
Бұл ел тарихындағы экономикалық өндірістік қатынасы бар алғашқы референдум. Әлеуметтанушы ретінде айтарым, референдум саяси институт ретінде конформизмнің алдын алуға, тұрғындардың саяси белсенділігін арттыруға және азаматтық жауапкершілікті көтеруге ықпал етеді.
Темірлан Нұрсолтан