Қарағанды облысында өртке қарсы арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында өртке қарсы арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда

09.10.2024

Қарағанды облысында өртке қарсы арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда. Тілсіз жаудың кесірінен қос облыста 45 мың гектар жер күлге айналды. Қарағанды облысындағы меншікті тілшіміз Жандос Бақытұлы қазір оқиға орынынан тікелей қосылады. Жандос, өрттен келер қауіп сейілді ме?

Жандос Бақытұлы, тілші:

Қазіргі таңда өрт толығымен оқшауланды. Бірақ қайта тұтануы мүмкін. Сондықтан өрт сөндірушілер әлі де қызметінде. Алдағы уақытта міндетті түрде ТЖ режимі жарияланбақ. Мен қазір Қарқаралы ауданы Теректі ауылында орналасқан арнайы штабта тұрмын. Өрт мен тұрған жерден 500-600 метрге дейін келіп тоқтаған. Сол тілсіз жаумен алдынғы шепте алысқан өрт сөндірушілердің бірімен тілдесіп, сұқбаттастық. Болған жайтты өзінен естісек.

Алмаз Ибраев, өрт сөндіруші:

Жеке құрам үш күн бойы ұйқысыз қызмет етті. Өртке келген кезде әр адамда қорқыныш болады. Елдімекенге өтіп кете ме, жергілікті тұрғындарға өз кесірін тигізе ме деген қорқыныш сезім болды. Дегенмен де салқынқандылықтың арқасында өрт оқшауланып, сөніп отыр.

 Жандос Бақытұлы, тілші:

Қазіргі таңда елдімекендерге келер қауіп толықтай сейілді. Қазір өрттің нақты ауданы анықталуда. Мендегі бар ақпарат әзірге осы. Оксана сөз өзіңізде.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу