АҚШ-тың оңтүстік-шығысына тағы бір жойқын дауыл жақындап келеді. Қуаты бесінші деңгейге көтерілген «Милтон» атты құйын ертең халық тығыз орналасқан Флорида шыҒанағы жағалауына жетеді деп болжанып отыр. Жергілікті билік 1 миллионнан астам адамға шұғыл қауіпсіз жерге көшуді бұйырды.
Салдарынан жолдарда ондаған шақырым көлік кептелісі пайда болды. Мамандар қозғалысты жеңілдету үшін жол жиектерімен жүруге рұқсат бергенімен қозғалыс әлі де баяу. Жанармайдың жетпеуі де эвакуацияға кедергі келтіріп жатыр. Көп бекетте жанармай таусылған. Дауылдың алдында әуежайлар жұмысын тоқтатты. Мектептер мен әлеуметтік нысандар да уақытша жабылды.
Қазір жылдамдығы сағатына 260 шақырымға жеткен дауылдың қуаты жағалауға жеткенде бірашама бәсеңдеуі ықтимал. Дегенмен соның өзі аймақтың инфрақұрылымына үлкен зиян тигізуі мүмкін.