АҚШ-та сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны жалғасып жатыр. "Рейтер" агенттігі мен "Ипсос" компаниясы бірлесіп жүргізген сауалнама қорытындысы жарияланды.
Оған жүгінсек, вице-президент Камала Харристің рейтингі үш пайызға жоғары болып тұр. Демократ үміткерді респонденттердің 46 пайызы, ал республикалық кандидат Дональд Трампты 43 пайызы қолдауға әзір.
Айта кетсек, Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы биыл қарашаның 5-де өтеді.