750 тонна мұнай өнімін Қазақстан аумағынан шығармақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жедел топ арнайы тексеріс жүргізіп, шекара маңынан оннан астам вагон-цистернаны анықтаған. Тәркіленген контрабандалық өнімнің жалпы құны 120 млн теңгеден асады. Қазір мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеп-тексеру жүріп жатыр. Еске салайық, бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін елден шығаруға уақытша тыйым салынған.
Айя Мүтәлі