Оралдықтардың жылуға қарызы 314 млн теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдықтардың жылуға қарызы 314 млн теңгеге жеткен

09.10.2024

Оралда тұтынушылардың жылу беру мекемесіне берешегі 314 млн теңгеге жеткен. Қарызды өндіру үшін сотқа талап арыздар жолданған. Кәсіпорын өкілінің есебінше, қала жылыту маусымына дайын. Шаһардағы 1215 көпқабатты тұрғын үйдің басым бөлігі гидравликалық сынақтан өткен. Шаһардағы жылу электр орталығының 89%, қазандық пен жылу құбырларының 50% тозып тұр. Биыл 6 шақырым жылу желісі жөнделген.

Бақытжан Әкімғожин, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

Үш тәулік ішінде ауа температурасы +8 градустан төмен болған жағдайда, біз тұрғын үйлерді жылыту желілеріне қосамыз. Жылыту маусымы толық басталады. Қазір біз балабақшалар мен ауруханаларға, мектептерге жылу беріп жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу