Астанада жас діни көшбасшылардың форумы басталды. Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум делегаттарына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Онда Президент діндер арасындағы диалогқа жас буын өкілдерін жұмылдыру уақыт талабы екенін айта келе, толық адам ұғымының мән-маңызын баяндаған.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қазақтың ұлы ойшылы Абай «толық адам» туралы айтып кеткен болатын. Бұл тұжырым ағылшын тіліндегі «a person of integrity», яғни парасат-пайымы мен білімі толысқан, бойына рухани құндылықтарды сіңірген адал азамат деген ұғыммен үндес. Сондықтан жастарды толық адам болуға ұмтылып, әлемнің дамуына үлес қосуға шақырамын.
Азамат Бейбітұлы