Қазақ-Корей ынтымағын арттыру жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Корей ынтымағын арттыру жолдары талқыланды

09.10.2024

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті. Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы сан қырлы ынтымақ қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты. 

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу