2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді. Мәжіліс тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бүгінгі қабылданған заң кассациялық сот ісін жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Самал Қабышева, тілші:
Елімізде жаңа кассациялық соттардың құрылуына байланысты енді қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процестік кодекстер мен өзге де заңдарға түзетулер енгізіледі. Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Енді сот төрелігін жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.