Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаны 22 мыңнан астам қыз бала салдырды. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің дерегінше, қазір екпе салу еліміздің 19 аймағында жүргізіліп жатыр. Алматы облысында ертең басталады. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцина салудың күнделікті мониторингін жасайды. Статистика бойынша 11 жасқа толған 14 мың, 12-13 жастағы 8 мыңнан аса жасөспірім екпе алған. Қазір вирусқа қарсы дәрілік препаратты әлемнің 135 елі қолданады. Дәрігерлер жатыр мойны обырының алдын алудың бірден-бір жолы вакцина дейді. Сонымен бірге мамандар ата-аналарға екпенің ешқандай зияны жоқ екенін айтады.
Наргиз Мұратова, ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
Ең көп салдырған бізде АПВ-ға қарсы вакцинаны, ол Қарағанды облысы, Түркістан облысы. Қазіргі таңда Астана қаласы мен Шымкент қаласы тағы бар. Орташа есеппен бір жарым, екі мың прививка жасалынады. Негізі Қазақстан бойынша 175 мың қыз бала жатады егілуге. 350 мыңға жуық доза сатып алынды.
Асылбек Данияр