Астанада Жас діни лидерлер форумы өтті. Оған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын орындауға үлес қосу арқылы көшбасшы деп танылған жастар да қатысып жатыр. Солардың бірі Бениннен келген Эммануэль Ганс. Ол бейбітшілік және қауіпсіздік бағытында жұмыс істейді. Көптеген жобаны жүзеге асырған.
Эммануэль Ганс, Жас діни лидерлер форумына қатысушы:
БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары бойынша жас лидерлердің саны - 17. Мен бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істеймін. Осы тақырып бойынша жас лидерлермен қалай бірлесе жұмыс істеу керек деген сұрақ төңірегінде Әлем лидерлерімен диалог құрамыз. Жас көшбасшылардың шешім шығаруға қатыса алуы, елдің саяси өміріне араласуы тәрізді мәселелерді көтеріп, оны мемлекет басшыларымен талқылаймыз.
Арай Төлегенқызы