Қостанайға 1,5 тонна насыбай апарған жігіт ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға 1,5 тонна насыбай апарған жігіт ұсталды

09.10.2024

Қостанайда насыбай мен снюстің заңсыз тасымалының жолы кесілді. Контрабандалық қылмыс прокуратура мен полицияның бірлескен әрекетінің арқасында әшкереленді. Тексеру кезінде сауда базарларының біріне Шымкенттен тауар әкелген 37 жастағы жүргізуші ұсталды. Полиция қызметкерлері оның көлігінен жалпы салмағы бір жарым тонна болатын 50 қорапты тәркіледі. Онда снюс пен насыбайдың бірнеше түрі болған.

Карина Базарбаева, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Жүк қапшыққа салынған пияздың арасына мұқият жасырылған. Бұл қылмыстық схема өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу