Ақордада қазақ-корей байланысын нығайту жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада қазақ-корей байланысын нығайту жолдары талқыланды

09.10.2024

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті.

Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы түрлі салалар бойынша ынтымақ қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ал У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

30 жылдың ішінде Қазақстан-Корея әріптестігі кеңейтілген стратегиялық деңгейге жетті. Тығыз саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орнатылды. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар белсенді дамып келе жатыр. Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Қазақстанмен ынтымақтастықты ары қарай дамытуға бағытталған ұмтылысын толықтай қолдаймыз.

У Вон Шик, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан, бізге асқан қонақжайлылық көрсетіп жатқаныңызға ризашылығымды білдіремін. Ұлттық Ассамблеяның Төрағасы ретінде алғашқы сапарым Қазақстаннан басталғанына қуаныштымын. Екі ел арасындағы байланыс тереңдей түсуі үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын.  

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу