2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жұмыс істейтін жаңа кассациялық соттар туралы заң жобасын Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдады. Енді қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процестік кодекстерге және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі. Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді. Тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.
Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кассациялық соттардың істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайтын болады. Сот процессі тараптардың шақырылуымен және ауызша жүргізіледі.Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгермек. Оның қызметі сот практикасын зерделеп, қорытуға, және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына негізделетін болады.
Самал Қабышева