Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары 68 миллион теңге пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай күдікпен Астана және Алматы қалаларындағы басқарма басшыларын ұстады.
Олар 570 млн теңге көлемінде негізсіз салық төлеп келген кәсіпорындардан төлемді қайтарып беру үшін ақша талап еткен. Күдіктілер пара алмақ болған жерінен ұсталды. Антикор қызметі ведомстводағы өзге лауазымды тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Айя Мүтәлі