750 тонна мұнай өнімін Қазақстан аумағынан шығармақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Жедел топ арнайы тексеріс жүргізіп, шекара маңынан 10-нан астам вагон цистернаны анықтаған. Тәркіленген контрабандалық өнімнің жалпы құны 120 млн теңгеден асады. Қазір мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Айя Мүтәлі