Ал сұйытылған мұнай газын сыртқа шығаруға шектеу тағы 6 айға ұзаруы мүмкін. Энергетика министрлігі тиісті бұйрықты Ашық порталына жариялады. Бұл – ішкі нарықты толығымен қамту үшін қабылданған шара.
Себебі бүгінде сұраныстың 20% қамтылмай отыр. Ал Үкімет тапшылық мәселесі 2030 жылға қарай бірақ шешілетінін айтқан. Сонымен құжат қабылданса, сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге болмайды. Бұйрық 14 қарашадан бастап күшіне енеді.
Айя Мүтәлі