Қазақстанда баспана бағасы өсіп жатыр. Қазір еліміз бойынша жаңа пәтердің бір шаршы метрі 494 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп. Баға Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 7-8 пайызға көтерілген.
Ал ең қымбат пәтер қазір Астана және Алматыда. Мұнда жаңа үйдің шаршы метрі 570-592 мың теңгеден. Сондай-ақ, екінші деңгейлі нарықтағы баспана бір жылда 5 пайызға қымбаттады. Ал жалдамалы пәтер құны 8,4 пайызға көтерілді.
Айя Мүтәлі