Алаяқтардың айласы түрленіп барады. Енді олар қазақстандықтарға зейнетақы қорының атынан хабарласа бастады. Алаяқтар қоңырау шалып, соңғы зейнетақы аударымдары қате жасалғанын, сол үшін бөлімшеге баруы қажет екенін айтады.
Бөлімшеде кезек күтпеу үшін электронды брондауға кеңес береді. SMS арқылы рәсімдеп, телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды.
Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізеді.
Зейнетақы қорының мамандары құпия сөздер мен кодтарды өзгеге айтпауға кеңес берді.
Сондай-ақ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы алаяқтар 1414 нөмірінен хабарлама таратып жатыр деген ақпаратқа сенбеуге шақырды. Азаматтарға арналған үкімет порталы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.