Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

09.10.2024

Бүгін Дүниежүзілік донор күні. Бұл күннің мақсаты - әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсету, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңызын түсінуіне ықпал ету. Мәселен, елімізде 4 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Оның ішінде 3 мың 661-і – ересек адам, 85-і – бала. Бауырға 180 ересек пен 10 бала мұқтаж. 20 ересек қазақстандық өкпесін ауыстыру бойынша, ал жүрек бойынша 136 ересек пен 5 бала күту парағында тұр. Сондай-ақ жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж.

Кейінгі кезде мәйіттік донор бойынша нәтиже жақсарып келеді. Соның ішінде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін сақтап қалды.


Хабарламаларға жазылу