Ақмола облысында электровоз және жүк вагондары рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында электровоз және жүк вагондары рельстен шығып кетті

10.10.2024

Ақмола облысында электровозбен жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға кеше кешке Сұрған станциясының Есіл-Құсмұрын учаскесінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтауда. Оқиға орнынДа қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу