Солтүстік Қазақстанда бруцеллезге қатысты шектеулер алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда бруцеллезге қатысты шектеулер алынып тасталды

10.10.2024

Солтүстік Қазақстан облысында енгізілген шектеу шаралары алынып тасталды.

Жыл басынан бері 500 бастан аса малдан қауіпті инфекция анықталды. 3 адам ауру жұқтырды. Оның екеуі жасөспірім. Бруцеллезге шалдыққан малдың 90 пайызы ірі шаруашылықтарға тиесілі. Инфекция таралмау үшін Тимирязев, Қызылжар, Ақжар және Айыртау аудандарында орналасқан 4 серіктестік пен бірнеше елдімекенде шектеу шаралары енгізілген. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, соңғы рет алынған сынамаға сәйкес малдардың бруцеллез жұқтырмағаны анықталған. Жалпы жыл басынан бері 800 мыңға жуық сынама алынып, талдау жасалды.

Аманжол Нұртазин, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

Малға вакцина қою үшін, бруцеллезге қарсы, ең алдымен мал иелері өздері ұсыныс беруі қажет. Бұл вакцина тегін түрде қойылмайды. Аурудың таралуына жол бермеу үшін ветеринария мамандары вакцина қойдыртуға кеңес береді.

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу