Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10 миллиардтан астам теңге төленді. Биыл қазанның бірінде табиғи апат салдарынан келген мүліктік шығындарды өтеу үшін шағын және орта кәсіп иелерінен 764 өтінім түскен. Олардың 630-ы қабылданып, 615 өтінім бойынша 10 млрд теңгеден астам өтемақы төленді. Бұл түскен өтінімнің 80 пайызы. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.
Темірлан Нұрсолтан