Атырау облысында тасқыннан бүлінген көпір мен жолдар жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында тасқыннан бүлінген көпір мен жолдар жөнделіп жатыр

10.10.2024

Атырау облысында көктемгі тасқын кезінде зақымданған автокөлік жолдары қалпына келтіріле бастады. Арнасынан асқан Ойыл өзені Индер-Қарабау-Миялы бағытындағы ұзындығы 340 шақырымнан астам жолдың 30 шақырымын жарамсыз етіп тастаған болатын. Сондай-ақ Индер ауданын Қызылқоғамен жалғастыратын күре жолдың құрылысы тоқтап қалды. Жылыой, Махамбет, Индер ауданында да республикалық, облыстық маңызы бар жолдар бүлінген еді. Қазір жұмыс қарқынды. Жауапты мамандар барлық жұмысты жыл соңына дейін бітіреміз дегенді алға тартты. Оған республикалық резервтен 5,8 млрд теңге қаражат бөлінген.

Әлібек Мұхамбетәлиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

27,9 шақырым жол мен 6 көпір бұзылды. Бізде 4 аудан бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Әр жырылған жолдарға, судан зардап шеккен жолдарға біздер су өткізгіш құбыр мен мал өткелін қарастырып кетіп отырмыз. Индер-Қарабау бойынша, ол 5 жылдық нысан болып кетті. Бұл жобаны да толығымен бітіріп, қолданысқа береміз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу