Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жұмыс істейтін гид-күзетші Ілияс Талғатбекұлы әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін танымал болды.
Ильяс Талғатұлының кесене ішінде шетелдіктерге ағылшын тілінде сөйлеп тұрған сәтін туристер түсіріп алып, желіде таратқан еді. Содан бері оны жұрт дереу танып, сәлемдесетін болған. Күзетшінің сөзінше, ол бұған дейін такси жүргізушісі болған. Сол кезде де туристерді тасымалдап, білген ағылшын тілімен көмектескен екен. Ал кесенеге жұмысқа үш ай бұрын орналасыпты. Содан бері шетелдік қонақтарға қолдан келген көмегін аямаймын, - дейді. Саяхаттап келушілер көбінде тамақтанатын, қыдыратын орындар жайлы сұрайды. Ол тек жол көрсетіп қана қоймай, кесене туралы ақпарат беруге де тырысады. Ал ағылшын тілін өз бетінше үйренген. Ол үшін ешбір жоғары оқу орнына түспегенін және арнайы курстарға да қатыспағанын айтады.
Ильяс Талғатбекұлы, күзетші:
Өзімді өзім үйреттім деп айтамын. Кітап оқу арқылы. Керек десеңіз телефонды да ағылшын тіліне өткізіп алып дегендей. Сондай кішкене кішкене детальдардың барлығын өзгерттім өзімнің күнделікті өмірімде. Шынайы адаммен сөйлесіп. Ондай бір сабаққа барып, ала алмайтын білімді алып аласың. Шынайы адам, шынайы әңгіме.
Айнұр Әбілқасымқызы