Елімізде 165 мыңнан астам азамат букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан ерікті түрде бас тартты.
Енді олардың бәске тіккен ақшасы 10 жыл бойы қабылданбайды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, көбі 31-35 жастағы азаматтар. Жалпы құмар ойынынан өз-өзін шектеу үшін eGov мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Онлайн қызмет наурыз айында іске қосылған.
Айя Мүтәлі