Суды заңсыз пайдаланғандар мемлекетке 20 млн теңге шығын келтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суды заңсыз пайдаланғандар мемлекетке 20 млн теңге шығын келтірді

10.10.2024

Су ресурстарын заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер анықталды. Олар мемлекетке 20 млн теңге шығын келтірген.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері хабарлады. Ведомства арнайы тексеріс жүргізіп, мемлекеттік сатып алу кезінде бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Мәселен, шаруа қожалықтары 100 гектар егіс алқабын суару үшін суды заңсыз алған. Сондай-ақ, «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалдары су ресурстарын тиімсіз пайдаланғаны және қате есеп жүргізгені белгілі болды. Заң бұзған бұл мекемелерге айыппұл салынды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу