Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы күрт өсті

10.10.2024

Өзбекстанда сұйытылған газдың бағасы күрт өсті. Елдің энергетика министрлігі мұның себебін өндірістің азаюымен түсіндіреді. Сондай-ақ, газбен жүретін көліктердің көбейіп жатқаны жағдайды ушықтырып отыр. Салаға жауаптылар, баға жыл соңына дейін тұрақталады дейді. Өткен жылы сұйытылған газ өндіру көлемі 800 мың тоннадан асқан. Ал, биылғы меже 850-860 мың тонна болғанымен, ол сақталмай отырған сыңайлы. Егер, жаңа жылға дейін пропан мен бутан газын өндіру жоспары орындалса, жағдай реттелуі мүмкін. Бағаның көтерілуінің тағы бір себебі – соңғы бір жылда көрші елде газбен жүретін көлік саны 57%-ға көбейген. Метан газын тұтынушылардың да қатары өсіп жатыр. Газ құю станцияларында сұйық отынға сұраныстың артуы, өнім құнының шарықтауына алып келген.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу