«Бірлескен күш-жігердің арқасында өткен жылы өзара тауар айналымы 28 пайыз артып, жарты миллиард доллардан асты». Келіссөздерден соң Қазақстан мен Түрікменстан президенттері ақпарат құралдары үшін өткізген бірлескен брифингіде Қ.Тоқаев осылай деді. Әрі оны таяу келешекте 1 миллиард долларға дейін жеткізуге болады деп санайтынын жеткізді.