Израиль әскері Ливан астанасы Бейрутке ракетамен соққы бергенде, 22 адам қаза тапты. Жараланғандар 100-ден асып кеткен. Госпитальге жеткізілгендердің кейбірі ауыр халде жатыр. Сондықтан құрбандар саны өсуі мүмкін.
Осы жолы зымырандар қала шетіне емес, оның орталығындағы шиит-мұсылмандар көп шоғырланған кварталдағы үйге тиген.
Айта кетсек, Израиль армиясы Ливанға шабуылды өткен айда бастады. Бұл операцияның мақсаты – еврей мемлекетінің солтүстігіне мыңдаған ракета атқан «Хезболла» қарулы тобын күйрету. Кейбір мәліметтерге қарағанда, соңғы апталарда Израильдің соққыларынан Ливанда 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын мерт болған.
Арыстан Рысбек