Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығы оңтүстіккореялық жазушы Хан Ганға берілді. Ол «тарих салған жараға қарсы тұратын шиеленіскен поэтикалық поэмалары» үшін әйгілі жүлденің лауреаты атанып отыр.
54 жастағы Хан Ган - Нобельді иеленген алғашқы кореялық әйел. Қаламгердің «Вегетариан» деген романы 2016 жылы Халықаралық Букер сыйлығын жеңіп алды. Сонымен қатар, Хан Ган – «Ақ кітап», «Грек тілі сабағы», «Сенің суық алақаның», «Қорқыныш» сияқты туындылардың авторы.
Айта кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяда Нобель сыйлығын 2002 жылы бұрынғы президент Ким Дэ Чжун иеленген екен.
Арыстан Рысбек