Талдықорғанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады

11.10.2024

Талдықорғанда жалпы қылмыс деңгейі 14 пайызға азайғанымен, жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейген. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 12 іс сотқа жөнелтіліп, үкім шыққан. Ал қазан айының 10 күнінде тағы 4 қылмыстық іс қозғалған. Арасында топтасып төбелесу, ақша немесе ұялы телефон бопсалау және есірткі заттарды жасыру сияқты ауыр қылмыстар бар. Басым бөлігі мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Мәселе өзекті болғандықтан қалалық прокуратура кешенді бағдарлама әзірлеп, жасөспірімдерге қатысты құзырлы органдармен жиын өткізді. Қылмыстың алдын алу жолдары қарастырылып, ұсыныстар айтылды. Бұдан былай кәмелетке толмағандар арасында қылмыс немесе теріс қылықтар тіркелсе, ата-анасынан бөлек басқа да қатысы бар тұлғалар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.  

Марат Сматов, Талдықорған қаласының прокуроры:

Ата-ананың жауапкершілігі ол болса да болады. Әкімшілік жаза болады, басқа болады. Бірақ енді соған жауапты кім болды? Комиссияның төрағасы бар кәмелетке толмағандар жөніндегі. Мектептің директоры бар. Менторлар дейміз қазір қойылып жатқандар. Осы азаматтардың қатаң жауапкершілігін қарау керек. Біздерде жауапкершіліксіз ешқандай іс алға баспайды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу