Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты. Мұны палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, жараланғандар 98 мыңға жақындап қалған.
Айта кетсек, Израильдің әскери операцияларынан өткен тәулікте 55 адам мерт болды. Израиль Газа секторында «Хамас» қозғалысына қарсы соғысты былтыр қазанның 7-сінде өз аумағында 1200 адам өлтірілгеннен кейін бастады. Содан бері Газада ғимараттар жаппай қирап, 2,3 миллион халықтың басым бөлігі үйлерін тастап кеткен.
Арыстан Рысбек