Ақтөбе облысында Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығы тойланып жатыр. Негізгі іс-шаралар би атымен аталатын ауданда өтеді. Ал облыс орталығында тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Жиынға елімізден және алыс-жақын шетелдерден белгілі ғалымдар келген. Олардың айтуынша, Әйтеке бидің қазақ елі тарихындағы орны ерекше. Дегенмен, оны насихаттау ісінде бірізділік жоқ. Бүгінгі жиынның мақсаты – осы олқылықтың орнын толтыру. Әйтеке би бабамыздың 380 жылдығы кең көлемде Қарабұтақ аулында тойланады.
Айшуақ Дәрменұлы, тарихшы:
Әйтеке бабамыз тек қазақтың тақиясына тар келетін адам.Ол кісі іргелес, көршілес елдермен, түбі бір түркі елдерімен қатынаста да үлкен рөл атқарған адам. Сондықтан Әйтеке бабамыздың айшықты сөзі, айтылған керемет ойлары қашанда мәнін, мағынасын жоймайды. Оны қашанда біз заманына қарай пайдаланып, ылғи насихаттап отыруымыз керек.
Жақсыбек Кемал