Ақмола облысында су тасқыны кезінде 3 мыңға жуық волонтер халыққа көмектесті. Олар күндіз-түні тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, жүздеген тонна гуманитарлық көмек жинаған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық, психологиялық көмек те көрсетті. Жалпы соңғы 3 жылда елдегі еріктілер ұйымы 5 есе көбейген. Қазір ондағы жастардың саны 240 мыңнан асады. Бұл туралы Көкшетау қаласында өтіп жатқан республикалық волонтерлер форумында айтылды. Айтулы шараға еліміздің сегіз облысынан жиналған жүзге жуық ерікті қатысуда. Басты мақсат – өзара тәжірибе алмасып, осы бағытқа жаңа серпін беру.
Ардана Мырзанова, волонтер:
Қарағанды облысында «Ofline day» деген жоба бар. Оны біз өзіміз ойлап тапқанбыз. Оның бағыты жалпы Қарағанды облысының барлық волонтерлеріне оқыту жүргізу. Осы бір оқытуды, осы тәжірибені басқа да региондарға және Ақмола облысына бөлісеміз деген ниет бар.
Ұмсындық Наурызбаева